Ақтөбе облысының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Келесі жылғы облыстық бюджеттің көлемі 112,2 миллиард теңге. Қаржы мамандарының болжамынша, 2016-жылы облыстық бюджетке 107,6 миллиард теңге түсуі керек. Cалықтық төлемдерден 32,6 миллиард теңге, салықтық емес түсімдерден 2,4 миллиард теңге жиналады. 2016-жылы бюджеттің шығыстары - 112,2 миллиард теңге болады деп болжануда. Оның 25 миллиард теңгесі әлеуметтік салаға жаратылмақ. Жіктесек, 7,7 миллиард теңге денсаулық сақтау саласына бөлінеді. Бұл қаражатқа тегін таратылатын дәрілер мен медициналық жабдықтар алынып, ақысыз көрсетілетін медициналық көмектің шығындары жабылады. 26,7 миллион теңгеге Ырғыз ауданы, Жаныс би ауылында 20 орындық медициналық пункт салынады. Білім беру саласына келесі жылы 7,2 миллиард теңге жұмсалмақ. Қаражаттың негізгі бөлігі жалпы білім беретін ұйымдарды ұстауға және жетім балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге бөлінеді. 1,4 миллиард теңгеге облыста 6 мектеп, екі балабақша салынады. 5,7 миллиард теңге мәдениет пен спорт салаларына бөлінді. Ақша жыл бойы мәдени іс-шараларды өткізуге, облыс спортшыларын дайындау мен олардың жарыстарға қатысуына жұмсалады. Есет батыр атындағы көпсалалы лицей-интернаты спорт залының, Әйтеке би және Ырғыз аудандарында екі музейді газдандырудың жобалық-сметалық құжаттарын жасауға қаражат осы бюджеттен қарастырылған. Әлеуметтік көмекке 862 миллион теңге жұмсау көзделген. 5,4 миллиард теңге ауыл шаруашылығын дамытуға, 4 миллиард теңге облыстың автомобиль жолдарын жөндеуге қарастырылып отыр. Ақтөбе қаласында үш жерасты жаяу жүргіншілер жолының құрылысына жобалық-сметалық құжат дайындау үшін 16 миллион теңге кетеді. Келесі жылы Қандығаштың да жолдары жөнделеді.
Бюджеттің 641 миллион теңгесі кәсіпкерлерді қолдауға жұмсалады. Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қаупсіздік шараларына 5,6 миллиард теңге, осы жылы құрылысы бітпей қалған нысандарды қаржыландыруға 370 миллион теңге бөлінеді.
Количество показов: 2186
Дата создания: 11.12.2015 19:29:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>