20 жылдың ішінде 100 мың ақтөбелікке гуманитарлық көмек көрсетілген
Бүгін - Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні. Дата БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2008 жылы бекітілген. Ақтөбеде қиын-қыстау кезде халыққа қол ұшын беретін ұйым бар. Ол - "Қызыл ай" қоғамының облыстық филиалы. 20 жылдың ішінде ұйым 100 мыңнан астам адамға гуманитарлық көмек көрсеткен.
1992-2012 жылдары аралығында ұйым Ақтөбе халқына 1 миллион 100 мың доллардың көмегін көрсеткен. Он мың тұрғын ыстық тамақпен қамтылды. 30 емдеу мекемесіне дәрі-дәрмектер жеткізілді. Екі жылдан бері "Қызыл ай" қоғамы шетелден көмек алуды тоқтатты. Сырттан келетін жәрдемнен елбасының өзі бас тартқан. Қазір ұйым ел ішіндегі атымтай жомарттардың қайырымдылығына тәуелді. Айта кетер жайт, 2007 жылдан бері облыстағы әкесінен айырылған 176 балаға Біріккен Араб Әмірліктерінен тұрақты түрде ақшалай көмек келеді. Бүгінге дейін араб шейхтары 360 мың доллар жөнелткен. Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні атаулы дата ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2008 жылы бекітілген. 2003 жылы дәл осы күні ұйымның Бағдадтағы штаб-пәтерінде жарылыс салдарынан 22 адам қаза болды, олардың арасында ұйымның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу бар. Алғаш рет 2009 жылы атап өтілген Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні өзгені құтқару барысында мерт болған адамдарды еске алуға арналды.
|
Количество показов: 1981
Дата создания: 19.08.2013 17:49:25