18 жастағы бойжеткен "Мега Ақтөбе" кешенін "жармақ" болған
"Мега Ақтөбе" сауда, ойын-сауық кешеніне жарылғыш зат қойған "жалған лаңкес" қолға түсті. Бұл жолы "отпен" 18-жастағы бойжеткен ойнаған. Дүйім жұртты дүрліктірген қыз бала қазір уақытша қамау қапасында отыр. Ол мұндай қадамға шарасыздықтан барғанын айтқан. "Мега" кешеніне бомба қойылғандығы туралы ақпар жедел-басқару орталығына кеше түскі 11 сағат 15 минутта түскен. Қаланың шұғыл қызметтері тез арада оқиға орнына жетіп, сауда орталығындағы 1 мың 300 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Нысан тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Ал, полицейлер "жалған лаңкесті" қоңырау шалынған нөмір арқылы тез тапты. Ол - қалада тұратын 18 жастағы бойжеткен. Ақымақтық жасап, қамауға алынған қыз бала енді заң алдында жауап береді. Біздің елде жарылғыш зат қойылғандығы жайында жалған хабар беру ауыр қылмыстардың қатарына қосылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 242-бабына сәйкес, бомба орнатылды деп әзілдеген адам бұдан былай кем дегенде 6 жылға бас бостандығынан айырылады. Оған қоса, шұғыл қызметтердің барлық шығынын өтейді. Сондықтан, полиция қызметкерлері тұрғындарға нысанды "жармас" бұрын біраз ойлануға кеңес береді. |
Количество показов: 2357
Дата создания: 15.08.2013 17:54:57