161 пәтерге өтініш қабылдау басталады
10 қабатты үй Батыс-2 ауданында Назарбаев зияткерлік мектебі маңында орналасқан. "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ы пәтерлерді "Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі" арқылы мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кейін сатып алу құқығымен 20 жылға дейін жалға бермек.
Пәтерлер 1,2 және 3 бөлмелі. Бір бөлмелі пәтердің көлемі 34-42, екі бөлмелісі 50-63, үш бөлмелісі 71-74 шаршы метр. Қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова өтініш берген кезде бөлме санын және пәтердің аумағын көрсетуді кеңес етеді. Бағдарламаға қатысушының төлім қабілеттілігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы тексеріледі. Құжаттар қаңтардың 8-12 күндері аралығында қабылданады. Үміткерлердің тізімі қалалық әкімдіктің сайтында жарияланады.
Количество показов: 1348
Дата создания: 03.01.2018 19:24:36