14-ші наурызда өңірде "Наурыз шуағы" мерекелік онкүндігі басталады
Коронавирус пандемиясы салдарынан биылғы Наурызды да санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, атап өтеміз. Далаға ағаш үйлер тігілмейді. "Ас та төк" ас та таратылмайды. Бірақ, 22 наурыз "Бұқара" күнінде бұқаралық сауық-сайран өтеді. Ұлыстың ұлы күніне дейінгі той-думан 14-наурызда "Амал" мерекесімен басталады. Одан кейінгі әр күнге "Жайлау күні", "Шежіре күні", "Тарихқа тағзым күні" деген атау беріліп, соған сай мәдени, спорттық іс-шаралар әзірленген. Ұлыстың ұлы күні - елімізде бейбітшілік пен достықты нығайтатын, ұлттық бірігейлікті сақтайтын мереке. Алайда, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпеновтің сөзінше, адам өмірі маңызды. Әрбір азамат өзін сақтап, өзінің жанұясын, айналасының қауіпсіздігін ойлау керек, дейді.
Количество показов: 715
Дата создания: 12.03.2021 19:29:43