14- қаңтар Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толды.
Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына биыл 80 жыл. Осыған орай облыстық Ә.Молдағұлова мемориалдық музейінде "Елім деп соққан жүрегі" атты батырға арналған іс-шара өтті. Шараға батырдың туыстары, мәдениет және қоғам қайраткерлері, әскери оқу орындарының студенттері мен ұстаздары қатысты.Әлия ақырғы демі таусылғанша Отан үшін жанкешті ерлік көрсеткен қайсар қыз. Өз қалауымен 18 жасында майданға аттанып, фашистік жауды жоюда батылдық танытты. Шараның да мақсаты- батыр қыздың ерлігін жастар арасында дәріптеу, қаншама ауыр жолдан өткенін еске алу. Шара барысында Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованы үнсіздікпен еске алып, "Мергендер" фильмінен үзінді көрсетіліп, батырдың көзін көрген тұлғалар өз естеліктерімен бөлісті.Шара соңы Ә.Молдағұлова даңғылындағы батырдың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.Количество показов: 272
Дата создания: 15.01.2024 21:39:07