12-12-2012 жылы қалада 38 жұп шаңырақ көтерді
2012 жыл. 12-ай. 12-күн. Сәйкес келген дата қалада 38 жұптың дәл бүгін шаңырақ көтеруіне түрткі болды. Ғалымжан мен Нұрсұлу санның сиқырына сеніп, күнді алдын ала әдейілеп таңдаған. Әдетте ғажайыпқа ерлерден әйелдер көбірек иланғыш болып келеді. Сондықтан куйеу жігіт Ғалымжан қалыңдығының шешімін құптапты. Ғалымжан 28, ал Нұрсұлу 21 жаста. Ақыл тоқтатып, отбасылық өмірге нық қадам басқан жұп. Сәйкес сандар шеруі 2001-жылдың бірінші қаңтарынан бастап, бүгінге дейін 12 жыл бойы жалғасты. Және бүгін өз мәресіне жетті. 13-ші жыл келгенімен 13-ші айдың жоқ екені айдан анық. Тек, сандарға әбден ықыласы ауғандарға құлаққағыс. 2012-жылдың 20-шы желтоқсанынан да іздесеңіз сәйкестік табасыз. Бұл күні де некесін қидыратын жұптар көп болуы мүмкін. Тағы бір айтарымыз, он екісінен он үшіне қараған түні тілек тілеуге болады. Тілектердің орындалу мүмкіндігі қарапайым күндерге қарағанда жоғары деген болжамдар жасалды. |
Количество показов: 2469
Дата создания: 12.12.2012 19:09:30