11 шағын ауданда ауыз су құбыры алмасты
Ақтөбеде салынып жатырған көпір құрылысына байланысты 11 шағын ауданда жаңа су желісі жүргізілді. Ұзындығы 300 метрге жуық құбырды негізгі желіге қосу жұмыстарымен бүгін "Ақбұлақ" АҚ айналысып жатыр. 11 шағын аудандағы бұл жаңа су жүйесін көпір құрылысын салып жатқан мердігер компания жүргізген. Ал оны негізгі желіге қосу міндеті "Ақбұлақ" АҚ-на жүктеліп отыр. Осыған орай кешеден бастап коммуналдық мекеме қызметкерлері аталған аумақта құбыр желісін негізгі жүйеге қосу жұмыстарын бастады. Жаңадан салынған су желісінің орнында осыған дейін шойын құбыр жатқан болатын. Соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын жаңару көріп, әбден көненің көзіне айналған бұл құбырларды енді өткізу қабілеті жоғары жаңа полиэтилен құбырлары алмастырды. Алмасып қана қоймай бұған дейінгі болған бағытын да өзгертті. Коммуналдық мекеме басшыларының айтуынша аталған жұмыстарға байланысты ақтөбеліктер ауыз су тапшылығын көрмейді. Себебі құбыр желісінің құрылысына орай 11 шағын аудан тұрғындары уақытша Қарғалы су қоймасына қосылған. Ал, осыған дейін аталмыш аудан тіршілік нәрін Тамды су қоймасынан алып келген болатын. |
Количество показов: 2002
Дата создания: 27.03.2013 18:26:23