11-ші мөлтек ауданда су құбыры жарылды
Әп-сәтте көлік кептелісі орын алған ауданда су сорғылау техникалары кешке дейін жұмыс істеді. Бірнеше техника жұмылдырылып, басты даңғыл мен сулы-жасыл гүлзарды судан құрғатты. Естеріңізде болса, осыдан үш жыл бұрын дәл осы аумақ жаз мезгілінде суға кеткен болатын. Апатқа магистралды құбырдың жарылуы себеп болды. Апат орын алған жерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізген мекеме құбырлардың әбден ескіріп тұрғандығын айтқан болатын. Бірақ, бұл жолы шаһардағы су жүйесіне жауапты монополист мекемеден қандай да бір нақты жауап алу мүмкін болмады. Оқиға орнында жұмыс жасап жүргендер су соратын техникаларының жеткілікті екендігін айтқанмен, апаттың қайталану себебін түсіндіруден бас тартты.
Количество показов: 784
Дата создания: 22.10.2020 18:39:24