10 маусым- дүниежүзілік балмұздақ күні
Балмұздақ жақсы көрмейтін адам некен-саяқ. Тәтті десерттің бұл түрі балалар мен ересектердің арасында сұранысқа ие. Әсіресе, аптап ыстықта шөліңді басып қоймайды, сонымен қатар антидепрессант та. Ғалымдар көңіл-күйі жоқ адамға балмұздақ ұсынсаңыз, бақыт сыйлайтын гармондары белсенді болады,-деген пікірде. Тамағым ауырады деген желеумен балмұздақты жемейтіндер де жоқ емес. Әйтсе де, өнімнің бұл түрі қашан да сұранысқа ие. Балмұздақтың пайда болу тарихына келер болсақ. Ең алғаш 3000 жыл бұрын Қытай халқы мұз, қар және жеміс-жидек қоспасынан сергітетін тағамдар жасаған. Сондай-ақ Грецияда өздерінің суық десерттері болған, олар мұздатылған шырындарға көбірек ұқсайтын. Еуропада мұздатылған сүтті қолданатын рецепт XIV ғасырда Италияда пайда болса, Францияда тек XVI ғасырда пайда болған.Ал «Балмұздақ» атауы да Франциядан шыққан. Мамандар мынадай қызықты деректі ұсынып отыр. Жыл сайын әлемде шамамен 15 млрд келі балмұздақ желінеді екен. Бұл 5 мың олимпиадалық жүзу бассейнін толтыруға жеткілікті.Количество показов: 348
Дата создания: 11.06.2024 05:12:46