№1- орта мектепте ерекше балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды
Бүгін №1- орта мектепте ерекше балаларға арналған спорт үйірмелері салтанатты түрде ашылды. Атап айтар болсақ, бочча мен футбол секциялары алғашқы келушілерге есігін айқара ашты. Шара "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қорының әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты - елімізде мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған тегін спорт секцияларын көбейту. Қараша айынан бастап аутизм, сал ауруы, Даун синдромы бар кішкентай ақтөбеліктер үшін тұрақты түрде спортпен айналысуға мүмкіндіктер туды. Ерекше балалар арнайы мамандардың көмегімен спортпен кәсіби түрде айналыса алады. Сондай-ақ, "Достық" спорт сарайында жүзу секциясы, "Талант студио" балалар шығармашылық орталығында инклюзивті хореография үйірмелері ашылады. Жобаның ұйымдастырушысы "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қоры. Бүгінгі жақсы жаңалықты естіп, қуанғандардың бірі - Альмира Асанғали №11 мектеп оқушысы. Қалада ерекше балаларға арналған спорт үйірмелерінің ашылатынын анасынан естіген. Тек ғаламтордан көрген спорт түрімен енді кәсіби түрде айналыспақ. Альмира жүзгенді жақсы көреді. Бірақ осы уақытқа дейін денсаулығына байланысты сүйікті ісімен айналысу мүмкін болмады. Болашақта журналист болғысы келетіндігін айтқан жасөспірім ән шырқағанды жақсы көреді.
Жоба аясында қала бойынша биыл 50-ге жуық баланы спорт үйірмелеріне тарту жоспарланған. Мұндай жоба елімізде 7 қалада жүзеге асып жатыр. Арнайы спорт секцияларына 6 жасқа толған балалардан бастап 20 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қазір облыс бойынша 6 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар.
Количество показов: 777
Дата создания: 29.10.2020 18:48:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>