1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейді
1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейді. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен жиында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Оның сөзінше, қазіргі жүйенің орнына белгіленген мерзімнен бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шарасы енгізіледі. Елде коронавирустық инфекция өрши бастаған уақытта дәрігерлердің міндеті екі есе артты. Соған байланысты медицина қызметкерлеріне өткен жылдың наурыз айынан бері "ковидтік" үстемеақы төленіп келеді.Енді 1 қазаннан бастап ақ халаттыларды қолдаудың бұл шарасы алынып тасталмақ. Қазір вирус таралуының бастапқы күйімен салыстырғанда зардап шеккендер саны азайғанына қарамастан, індеттің беті әлі қайтпады. Сондықтан дәрігерлер алдағы уақытта адам өмірі үшін алдыңғы шепте жүрген еңбегіміз еленбей қалмаса болғаны дейді. Премьер - министрдің сөзінше, медицина қызметкерлерін қолдаудың жаңа шарасына сәйкес дәрігерлердің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады екен. Ал қазіргі уақытқа дейін дәрігерлерге үстемеақы ретінде 229 миллиард теңге төленген.
Қазір облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында 176 науқас емделіп жатыр. Олардың 26-сы ауыр хәлде. 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кетейік, маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ковидтік" үстемеақыға бюджеттен 71,5 миллиард теңге бөлінетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлеріне психоэмоцианалдық төлем төленбек.
Количество показов: 678
Дата создания: 21.07.2021 18:44:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>