№1- қалалық емханада көлік тұрағы мәселесі шешілмей келеді
№1- қалалық емхананың көлік тұрағы тарлық етеді. Осылай деген емханаға келушілер бұл мәселенің ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқандығын айтады. Уәжді емхана басшылығы да растайды. Шамамен жүз көлікке шақталған тұрақ онсыз да тар Левенцов көшесіне мүлде сай емес. Көше бойына көлік қалдыруға рұқсат беретін белгілер қойылған. Әйткенмен тұрғындар көлік тұрағы ретінде бөлек, арнайы орын бөлінуі қажет деген пікірде. №1- қалалық емхананың көлік тұрағына қатысты мәселе бақандай он жылдан бері шешілмей келеді. Тар көшеде орналасқан емханаға 77 мың халық қаралады. Нысан үлкен болғанымен арнайы көлік тұрағы жоқ. Мына шлагбаумнан әрі жедел жәрдем көлігі мен бас дәрігердің, қызметкерлердің көліктері ғана өте алады. Ал келушілер көлігімен аурухана ауласына кіре алмайды. Сыртта бос орын таппаған жүргізушілер темір тұлпарларын көше бойына қалдырады.
Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанат Лепесованың айтуынша, әсіресе сейсенбі, бейсенбі күндері көлік кептелісі екі есеге артып кетеді. Өйткені бұл күндері сынама тапсыру, сараптама қорытындысын шығару процедуралары жүретін болғандықтан келушілер саны да көбейеді екен.
Аурухана әкімшілігі мәселе қалыптасқаннан бастап құзырлы органдарға бірнеше мәрте жазбаша түрде арыз түсірген. Бірақ тыңдар құлақ табылмаған сыңайлы. Аталған жәйт бойынша жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметіне сауал жолданғанмен нақты жауап болмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров аурухана басшылығымен мәселе төңірегінде ақылдасуға уәде берді.
Количество показов: 664
Дата создания: 02.02.2021 19:23:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>