Қ. Жұбанов атындағы өңіраралық мемлекеттік университеті құрылады
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті ұжымы оқу орнын қайта құрылымдауға қарсы. Оқытушылар жұмыстан қысқарып қалуымыз мүмкін деп қауіптеніп отыр. Олардың пікірінше бұдан да бөлек шешілмеген сұрақтар көп. ҚР Білім және ғылым министрлігінен келген өкіл өткізген жиыннан Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен жұмысшылары көңілсіз шықты. Ойларында сан сұрақ. Жиын барысында қойған сұрақтарына мардымды жауап ала алмаған шамасы. Ал жиында қаладағы екі жоғарғы оқу орнын біріктіру мәселесі қозғалды. Оқытушылардың өздері әзірге еш нәрсе түсініп үлгермеген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын біріктіру шешімі 29 мамыр күні шығарылған. Олардың орнына Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңіраралық мемлекеттік университеті құрылады. Амантай Нұрмағамбетов Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бұрынғы ректоры. Ол Ғалымжан Нұрышевтің орнына келген болатын. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты мен Жұбанов университетін биыл бітіретін студенттерге бұл өзгерістің еш қатысы жоқ. Ал биылғы талапкерлерден арыз өңіраралық университетке қабылданады. Әзірше екі түрлі сандық белгімен қабылдау жүргізіледі. |
Количество показов: 6775
Дата создания: 03.06.2013 18:43:03