Қ. Жұбанов атындағы АМУ мен АПИ бірігеді
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе педагогикалық институты біріктірілетін болды. Қайта құрылымдау жұмыстары жоғарғы оқу орындарының бірінің босағасынан басталды. Ақтөбе педагогикалық институтының бас ғимаратын ұзақ жылдар бойы күзетіп келген қызметшілер жаппай орнын босатып жатыр. Бұдан былай оқу орнын тендер арқылы анықталған жеке күзет мекемесі бақылауға алады. Ал бұрынғы күзетшілердың алдағы тағдыры не болары белгісіз. 11 адам екінші маусым күні орындарын босатып болуы тиіс. Ол жөніндегі ескерту жазылған бір тілім қағаз күзетшілердің қолына осыдан бір ай бұрын тапсырылған. Ескертудің бір ай бұрын берілуі заңды-ақ. Ал жұмыстан неліктен шығарылып жатқандығын бұл адамдар түсінбепті. Түсіндуріге басшылық талпынбаған да. Бақсақ, мәселенің туындаған жері тереңде болып шықты. Елде бұдан былай мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігі жеке күзет фирмаларына тапсырылып жатыр. Бұл талап биыл жыл басында шығарылған. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан оқу орны талапқа сай лицензиясы бар жеке фирмалар арасында тендер өткізген. "Қорғау" атты қаладағы жеке күзет фирмаларының бірі тендерді жеңіп алған. Ол былай тұрсын. "Қорғау" күзет фирмасының да өз ішкі талабы бар. Сағынбай Бажиков жасы 45-тен асқан адамдарды өз фирмасына жұмысқа алмайды. Ал педогогикалық институт жұмыстан шығарып жатқан күзетшілердің барлығы зейнетке жастары келген ер адамдар және әйелдер. Демек, бұл фирмаға жұмысқа қабылданулары екіталай. Ал елбасының мұндай санаттағы адамдарды жұмыстан қууға қатаң тиым салғаны белгілі. Бүгінге дейін бұл адамдар 28 мың теңге жалақыға ың-шыңсыз-ақ жұмыс жасап келген. Институт ректорының бүінгі ұсынысы - ҰБТ-леу аяқталғанша жұмыс жасаңдар, бірақ, оған ақша төленбейді деумен шектеліп отыр. |
Количество показов: 2956
Дата создания: 31.05.2013 19:22:19