Самара-Шымкент тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 24 адам құтқарылды. Осындай оқиға желісі бойынша бүгін қала сыртында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Дәстүрлі "Қыс - 2020" республикалық штабтық оқу-жаттығу жиындары барлық өңірде бір мезетте басталды. Ертеңге дейін жалғасады. Алдын ала ойластырылған оқиға желісі бойынша Жаңа Әлжан диірмен комбинаты маңында жолаушылар автобусы, мұнай тиелген жүк көлігі мен жеңіл автокөлік түйіскен. Қатты соққы салдарынан автобус аударылды. Ондағы 24 адам құтқаруға арнайы қызметтер жұмылдырылды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған. Қатты соққы алған жеңіл көліктен жүргізушіні алып шығу да құтқарушыларға қиындық туғызды. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру әдіс-тәсілі де пысықталды. Оқиға орнында зардап шеккендерге психологиялық, медициналық көмек көрсету үшін жылыту пункттері ашылып, ас-сумен қамтамасыз етілді. Жоғалған екі жолаушыны іздестіру жұмыстары жүрді.
Оқу-жаттығуды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов қадағалады. Мамандар берілген тапсырманы аз уақыттың ішінде орындап, жеделдік танытты. Техника мен құрал-жабдықтардың жарамдылығы да сыналды. Айта кетейік, бүгінгі оқу-жаттығуға 155 қызметкер, 6 іздеу иті және 32 техникалық бірлік тартылды. Атап айтар болсақ, полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологтар және №6655 әскери бөлімшесінің 40 жауынгері қатысты. Сондай-ақ, ЕС-145 тікұшағы және "Еврокоптер ЕС-145" тікұшағы, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері да жұмылдырылды.
Количество показов: 737
Дата создания: 05.11.2020 18:30:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>