Құтырма ауруын жұқтырған бозбала облыстық инфекциялық ауруханада көз жұмды
Дала түлкісінен құтырма дертін жұқтырған бозбала кеше облыстық инфекциялық ауруханада көз жұмды. Маусым айында жабайы аңның тісі тиген науқас дертін асқындырып алған соң, дәрігерлерге жүгінген. Кеш жеткен жігітті ақ халаттылар аман алып қала алмады. Университеттің 1-курс студенті, 17 -жастағы қала тұрғыны маусым айында суға шомылу үшін достарымен бірге Қарғалы өзеніне барған. Ойнап жүріп, түлкінің ініне кез болған жасөспірімдер ішінен аңның күшігін тауып алған. Сүйкімді жануарды қызық көріп, бетіне жақындата бергенде түлкішек бозбаланың мұрнын тістеп алған. Алғашында, жігіт оған мән бермей, жүре берген. Тек күн өткен сайын, жағдайы нашарлаған. Тамыздың 20-да науқас инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Жабайы аңнан құтырма жұқтырған ол кеше кешкі сағат бестер шамасында қайтыс болды. "Құтырма" диагнозы расталған соң, дәрігерлер дереу марқұммен бірге табиғат аясында демалған өзге төрт жасөспірімді іздестірген. Төртеуі де табылып, оларға құтырмаға қарсы екпе егілді. |
Количество показов: 2243
Дата создания: 23.08.2013 19:10:17