Өңірдегі жалғыз соғыс ардагерінің үйі жөнделмек
Жылдар жылжыған сайын от пен оққа кеудесін тосып, Отан қорғаған ардагерлер де қалмай барады. Бір кездері Ұлы даладан қан майданға 1 млн 200 мың сарбаз аттанып, соның тең жарымынан астамы Отанға оралмай қалғаны жадымызда жаңғырып тұр. Енді, міне, өңірімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі жалғыз ғана ардагер бар. Ол 100 жастағы Василий Грецкий. Василий Грецкий соғысқа Алматы қаласынан аттанды. Бірінші Украина және 111-інші Белорусь майдандарының құрамында, сегізінші полктың бірінші кавалериялық корпусында соғысқан. Ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз", екінші дәрежелі "Отан соғысы" ордендерінің иегері. 100 жастағы батырдың үйі күрделі жөндеуден өтпек.Аймақ басшысы Василий Грецкийге сертификат табыстады.Мерекелік шара қаламыздағы "Мәңгілік алау", батыр қыз Әлия Молдағұлованың ескерткіші алдында жалғасты. Облыс басшысы бастаған делегация қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Батырлар аллеясын аралап, майдангерлердің ұрпақтарымен жүздесті. Бүгінде Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз ардагер Василий Грецкий ғана қалды. Тыл еңбеккерлерінің де қатары сиреп барады, 2280 адам бар. Олардың барлығына тиісті қолдау көрсетіледі.
Количество показов: 466
Дата создания: 11.05.2024 06:17:25