Өңірдегі ауруханалар оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілді
Өңірдегі ауруханалар оттегі концентраторларымен толықты. Бүгін Алматыдан облысқа жергілікті демеушілердің көмегімен 220 дана "Owgels" оттегі концентраторлары жеткізілді. Заманауи, әрі жылжымалы ауа реттегіш құрылғылары өкпе қабынуы және коронавирустан емдейтін 19 ауруханаға үлестірілді. Аппараттардың жылдам үлестірілуін қадағалаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазіргі жағдайда аталған құрылғыға деген өңірдің қажеттілігі толықтай өтелгенін мәлімдеді. Оттегі бөлетін аппарат жеткізуге қала бойынша бірнеше компания, қоғамдық қорлар мұрындық болып отыр. Ұйымдар қажет болған жағдайда қораптағы аппараттарды ауруханалардың есігіне дейін жеткізіп береді. Шаһарға бұл құрылғылар Алматы қаласынан әкелінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Самат Данияров бүгін арнайы келіп, аппараттарды бөліп беру жағдайын бақылады. 19 емханаға беріледі. Тізімге 12 аудандық аурухана енген. Қазір облыс бойынша осындай 684 құрылғы бар. Қала бойынша 5 провизорлық орталықтарда 3 мың кереует жасақталған. 1116 науқас ем қабылдап жатыр. Облыстың бас дәрігері коронавирус эпидемиясына қатысты жағдай тұрақтала бастағанын алға тартады. Науқастар жазылып, стационарлар мен провизорлық госпитальдар босап жатыр. Бүгіннен бастап Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің жанындағы Аққағаз Досжанова атындағы жатақханасында орналасқан провизорлық орталық уақытша жабылды.
300 кереуетке шақталған орталықта ем қабылдаған 17 науқас ауруынан толықтай айығып, үйлеріне жіберілген. Жалпы провизорлық госпиталь ашылғалы мұнда 800 адам ем қабылдап, барлығы құлан таза айығып шыққан. Эпидемиологиялық ахуал ушығатын болса орталық қайта ашылады.
Количество показов: 880
Дата создания: 29.07.2020 19:02:49
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>