Өңірде қызылша өршіп тұр, 5 бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыс аумағында қызылша инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Қазіргі таңда облыс бойынша стационарда 145 науқас ем қабылдап жатыр. Дені балалар. Дерттен құтылудың ең басты жолы вакцина дейді мамандар. Статистикаға сүйенсек, қазіргі 5500 тұрғын қызылшаға қарсы екпе қабылдаған. Емханаларда қызылша инфекциясымен түскендерді емдеу мақсатында 327 керует жасақталды. 53 керует ересек адамға, 263 орын балаларға және 11 і жүкті әйелдерге. Бұдан бөлек қалалық реабилитациялық орталықта 215 керует бар.Количество показов: 300
Дата создания: 17.01.2024 22:58:15