Өңірде қылмыс азаяр емес
Өңірде қылмыс азаяр емес. Дені бұзақылық пен ұрлық,-дейді полицейлер. Өткен сенбіде, көрші мемлекеттен қалаға қонаққа келген жасөспірім ұсталды. Ол ойнап жүрген жеткіншектерге келіп бұрыш балонын шашқан. "Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысының полицейлері шекарадан өтпек болған күдікті жасөспірімді ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш сепкенін көруге болады. Сондай-ақ видеода күдікті “1488” деген сандарды атаған. Аталған сандар неонацистер мен ұлтшылдардың құпия ұраны болып табылады. Ішіп алып, қоғамдық орындарда жанжал шығаратындар да азаяр емес. Мәселен, кеше қаладағы дәмханалардың бірінде жанжал болды. Соңы төбелеске ұласып, бірнеше адам пышақ жарақатын алған. 2024 жылдың 8 шілдесінде әлеуметтік желілерде Ақтөбеде ер адамның үш адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің жеке басын анықтап, ұстағанын, бірақ зардап шеккендердің саны нақтыланбағанын айтты. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.Количество показов: 264
Дата создания: 10.07.2024 10:10:52