Өңірде өткен тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырды
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы мәлімет берген облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева әлі де жасыл аймақта екендігімізді баса айтты. Дегенмен тұрғындар тарапынан жеке бас
гигиенасы сақталмаса, бұл деңгейден ауысуымыз да мүмкін. Кезекті рет баспасөз мәслихатын өткізген өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдай тұрақты екендігін жеткізді. Кеше ауруды
жұқтырудың жаңа 12 жағдайы тіркелген. Науқастардың 4-інің клиникалық симптомдары бар, ал 8-і - симптомсыз ауру. Олардың көпшілігі Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандарынан. Қазіргі таңда үй карантиніне 372 адам
алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. Сондықтан ақтөбеліктерге бетпердемен қоштасу әлі ерте. Себебі жыл басталғалы індеттің тарауында 1-%-ға өсім бар. Пандемия басталғалы жұмыс жасап келе жатқан
мониторингтік топ өкілдері кезекті тексеру кезінде қоғамдық көліктерде бетперде тақпау деректерін тіркеген. Сәйкесінше, аталған департамент қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын қос мекемені бірнеше
рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бірақ монополистер автобус ішінде жолаушылардың әлеуметтік арақашықтық сақтау талаптарын орындауына ешқандай жағдай жасамай отыр. Індет басталғалы ауруы асқынған 51
ақтөбелік көз жұмған. Сондай-ақ, брифингте өңірде жаппай вакцина салу науқаны ақпан айының ортасында басталатыны белгілі болды. Өйткені өңірге вакцинаның алғашқы бөлігі осы уақытта жеткізілмек. Алғашқы мың
доза дәрігерлерге салынады. Ал жаз басталысымен отандық екпе егілетін болады.
Количество показов: 707
Дата создания: 29.01.2021 22:26:33