Өңірде өткен аймен салыстырғанда азық-түлік бағасы 12%-ға көтерілген
Жыл басталғалы көкөніс пен жеміс-жидек бағасы біраз өскен. Әсіресе қиярдың келісі 1000-1300 теңге арасында. "Базарларды басқару" ЖШС-нің бөлім басшысы Асқарбек Қойлыбаевтың айтуынша, өткен үш айда коммуналдық базарлар мен супермаркеттерге жергілікті жылыжайларда өсірілген өнімдер мүлде түспеген. Есесіне көкөніс пен жидектердің Ташкент пен Иранның жылыжайларында өсірілген түрлері келіп жатыр. Мұны "Табыс" коммуналдық базарының сатушылары да растады. Орынды жалға алып отырған саудагерлер биылдыққа қала шетіндегі жылыжайлардан мүлде көкөністер келмегенін айтады.
Баға өскенін базаршылап келген ақтөбеліктер бірден байқапты. Тұрғындар бұл аптада жүзім мен макарон өнімдері бағасына өзгеріс енген деп отыр. Өңірге жеміс-жидектер көбінесе Молдова елінен әкелінеді. Молдовалық алмалардың келісі қазір 500 теңгеден басталады. Ал, жүзім 1000-1500 теңге аралығында. Түркиялық банан мен мандариндер бағасы да кешелі бері біраз қымбаттапты.
Количество показов: 606
Дата создания: 09.03.2021 18:17:03