Өңірде төтенше жағдайларға байланысты құрылған жедел штаб жұмысы жалғасуда
Өңірде төтенше жағдайларға байланысты құрылған жедел штаб жұмысы жалғасуда. Штаб мүшелері 90-66-06 телефоны арқылы шұғыл хабарламаларды жазып алып, оқиғаға сай әрекет етеді. Бүгін қалалық әкімдікте шаһар басшысының орынбасары Сергей Ли тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұрған жедел штаб жұмысы туралы ақпарат берді. Жедел штаб құрамына енген мемлекеттік және төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қала бойынша дезинфекциялау жұмысын жүргізетін 40 мекеме тіркеуге алынып, жұмысқа кірісіп кеткен. Алдымен балабақша, қоғамдық орындар, халық көп шоғырланатын нысандар, мемлекеттік мекемелер залалсыздандырылды. Қоғамдық көліктердің тазалығына арнайы 8 мекеме жауапты.
Мәртөк ауданының "Жайсаң", Қарғалы ауданының "Әлімбет", Әйтеке би ауданының "Қарашатау" шекара маңындағы көлік өткізу пунктеріне күні-түні бақылау жасалуда. Шекарадан бері өткен әрбір азамат медициналық тексеруден өтеді. Кеше 648 азаматтан сынама алынған. Оң нәтиже анықталмаған. Айта кетелік, ел бойынша 17-ші наурыздан бастап қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына шектеу қойылды. Яғни, мұндай көңіл көтеру орындарына кешкі 10-нан кейін бас сұғуға рұқсат жоқ. 50-адамнан артық адамға қызмет көрсеткен мейрамхана иелеріне айыппұл салынады.
Количество показов: 969
Дата создания: 19.03.2020 18:43:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>