Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 63 жағдайы тіркелді
орталығында өткен брифингте облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева ақтөбеліктердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Демалыс орындарының иелері "Ашық" жүйесімен жұмыс істеуі мүмкін. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева эпидахуалға байланысты жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салған болатын. Кәсібі тұралап қалған бизнесмендер облыстың кәсіпкерлер палатасына "Ашық" жүйесімен жұмыс істеуге өтініш білдірген. 24-30 маусым аралығында "Ашық" қосымшасы арқылы нысанға кірушілерден "қызыл" статусты 2 адам және "сары" статусы бар 9 адам анықталды. Сондай-ақ облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева екпе алғандардың да бетперде киіп жүруі міндетті екенін жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров қауіпті індетті жеңудің жалғыз жолы - ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін айтты.Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 63 жағдайы тіркелді. Оның 49-ы симптомды. Ал пневмония 4 адамнан анықталды.
Количество показов: 717
Дата создания: 02.07.2021 18:20:49