Өңірде карантин тәртібі сақталады
Бүгінге дейінгі деректерге сүйенсек, өңірде төтенше жағдай режимі енгізілгелі 174 ақтөбеліктен індет расталған. Науқастардың аздаған бөлігі ғана вирустан жазылып үйлеріне жіберілген. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 122 адамға ем-дом көрсетілуде. Аталған ауруханаға соңғы екі тәулікте тағы вирус анықталған екі адам жеткізілген. Привизорлық госпитальде ЖРВИ белгісі бар 37 науқас, карантин госпиталінде 82 адам жатыр. 4579 ақтөбелік үй карантиніне алынған. Эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген 560 турист медициналық қатаң бақылауда. Өңірдің бас санитар дәрігері ел бойынша төтенше жағдай режимі алынғанмен әрбір тұлғаның жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы міндетті екенін ескертеді. Қажет болмаса ауыл-аймақ, басқа облыстармен қатынасты тоқтата тұрған абзал. Бас санитар дәрігер сондай-ақ, ашылып жатқан қызмет көрсету нысандары қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы міндетті екенін атап өтті. Көшеде бетперде мен қорғаныш заттарын қолданған абзал. Кәсіпорындарға жұмысшыларының денсаулығына нұқсан келмейтіндей ретте жұмыс жасау тапсырылған. Бүгіннен бастап қала бойынша екі мыңнан аса өндіріс, шағын мекемелер жұмысына кірісті. Ірі сауда үйлері мен базарлар 4,5 кезеңдерде іске қосылады. Бұл карантин тәртібі толық тоқтатылған кезде ғана орындалады. Бұл уақытта қала сыртындағы блок-посттар да алынатын болады.
Количество показов: 851
Дата создания: 11.05.2020 18:14:16