Өңірімізде 18 мектеп бой көтереді
Өңірімізде мектепте орын тапшылығы мен апатты нысандар проблемасы жиі көтеріліп жүр. Бұдан бөлек үш аусымдық мектеп мәселесі тағы бар. Елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Жобаға сәйкес өңірімізде жаңадан білім беру мекемелері бой көтермек. Ол үшін қазынадан бөлінген қаржы да қомақты. 90 млрд.теңгеден асады. Алайда құрылыстың сапасы жоғары, балалар үшін ыңғайлы болуы керек. Мектептің алдына асфальт төсеу, көлік тұрағы сынды ұсақ-түйек жұмыстар назардан тыс қалмауы тиіс,-деді аймақ басшысы. Өңірде 18 мектеп салынбақ. Оның 14 ін биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған төртеуі келер жылдың еншісінде. Ол үшін республикалық бюджеттен 90 млрд.теңгеден астам қаржы қарастырылған. Темір ауданында екі, Мәртөк, Мұғалжар мен Шалқар аудандарында бір-бір мектептен салынбақ. 13 мектептің құрылысы облыс орталығында жоспарланып отыр.Количество показов: 364
Дата создания: 15.05.2024 07:21:11