"Өнер орталығында" облыстық филармония орналасатын болды
Келесі жылдың бюджетінде тек төрт ауыл клубының құрылысына қаржы қарастырылған. Олар: Мәртөктің Сарыжар, Ырғыздың Құттыкөл, Ойылдың Кемер, Шалқардың Бегімбет ауылдары. Хромтау ауданының әкімдігі қазір аудандағы мәдениет үйі, кітапхана мен мұражайды бір жерге топтастырып, мәдени-сауықтыру орталығын салу үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қашаннан арман болған облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып қалды. Батыс-2 ауданында орналасқан нысан желтоқсан айында ашылады. Маржан Қорғанбаева бірнеше жыл бұрын жабылып қалған қалалық архивке бөлек ғимарат салып, оны қайта ашуды ұсынып отыр. Қазір мәдениет басқармасындағылар Тама Есет батыр Көкіұлының 350-жылдығына дайындалып жатыр. Мерекелік шаралар осы жұма, сенбі күндері өтеді.
Количество показов: 1222
Дата создания: 07.11.2017 18:30:03