"Өнер керуені" аудандарды аралайды
"Өнер керуені" аудандарға жол тартты. Биыл тұңғыш рет облысымызда ауқымды мәдени шара бастау алды. Тұсаукесер рәсімі бүгін Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өтті. Мәдениет ұйымдары өнер көрсетті. Оны әрі қарай аудан өнерпаздары жалғастыратын болады. Қыркүйек айының соңғы жексенбісі былтырдан бері өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінің күні ретінде мерекеленеді. Кәсіби мерекелерін облыстық мәдениет басқармасы кең ауқымда атап өтуді жоспарлап отыр. Ең басты шара - "Өнер керуені" эстафетасы. Бүгін драма театр сахнасында "Екі езу", "Аққу" би ансамблі, "Алақай" қуыршақ театры, кітапханалар , облыстық тарихи өлкетану мұражайы секілді ұжымдар өнерлерін паш етті. Эстафетаны бірінші болып қабылдап алатын - Шалқар аудандық мәдениет бөлімі. Таңдаудың Шалқарға түсу себебі- ертең ауданда ақын, әнші Сары Батақұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық "Дала дастаны" атты дәстүрлі әншілер байқауы өтеді. Биыл мерекені тойлауда тағы бір ерекшелік бар. Облыстың мәдениетін дамытуға үлес қосқан, еңбегі сіңген азаматтардың есімі енді "Құрмет кітабына" енгізіледі. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нәзира Табылдинованың айтуынша, кітапқа әр ауданнан бір адамның есімі жазылады. Эстафета аяқталған соң, "Құрмет кітабы" облыстық тарихи-өлкетану мұражайына табысталады. "Өнер керуенін" өткізудің басты мақсаты- өнер ұжымдары мен мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында шығармашылық байланыс орнату, әрі олардың мәртебесін көтеру. |
Количество показов: 3759
Дата создания: 12.09.2013 18:22:37
Indira
|
Сағыныш Батақұлы Сары 1863-1895 жж. Мен шықтым Қоңыраттан елге қарай, Өз басымды сүйрегендей төрге қарай. Мен Батақтың Сарысы арындаған, Алланың сынағына түстім талай. Мен шықтым Қоңыраттан түске таяу, Бесті күреңді сатқан соң қалдым жаяу. Тарлан атқа мінген соң арқаланып, Ақырын сала бердім әнге баяу. Қарақалпақ елінде үш қыстадым, Көрдім ғой дүниенің тар қыспағын. Бұл жақта да бауырларым баршылық еді, Өздеріңе шексіз ғой әрдайым алғыстарым. Қош болыңдар ағайын-бауырларым, Сеземін елді сағынып жүректерің ауырғанын. Даланы кезіп жүрген Батақтың Сарысымын, Мен қиналғанда іргемнен өздерің табылғаның. Төте жолмен мен тарттым Әлім тауға, Не болсада бір Алла басым сауға. Қырсоңымнан қалмай қойды көре алмастар, Басымның қалғанын қарашы үлкен дауға. Қазақ елінің әншісі Төлемісұлы Әли Құрмановтың (1901-1969 жж.) жеке мұрағатынан 1979 жылы жазылып алынды. Боранбайұлы Сарышолақ шайырдың әдеби, тарихи сөз мұраларын жинақтаушы
|