Құмсай ауылында су тасқынынан зардап шеккен 21 отбасы баспаналы болды
Жаңа баспананың кілтін алған отбасыларға үш бөлмелі, ауданы 80 шаршы метрді құрайтын үйлер тұрғындардың ортақ шешімімен ауылдың биік жерінен салынды. Сондай-ақ баспаналардың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев, мердігер компания өкілдері қатысып, Құмсайлықтарды қоныстойларымен құттықтады. Баспаналы болған Құмсай ауылының тұрғыны, көп балалы ана Нұрия Жуменова су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың бірі. Нұрия бір реттік әлеуметтік төлем мен материалдық шығынға деп бөлінген қаржыны алды. Сонымен қатар суы, жарығы мен көгілдір отыны тартылған, көшесіне асфальт төселіп, жарықтандырылған. "Барлық дүние-мүлкімнен айырылсам да, еліміз далада қалдырмай, жан-жақты көмек берді",-дейді жаңа қоныс иесі. Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ойыл,Қобда, Ырғыз және Мұғалжар аудандарында су тасқынынан зардап шеккендерге салынған 350 жаңа үйдің кілті табысталды. Қалған 150 баспапаның құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, 513 отбасы дайын үйге көшкен болатын. Ал, өңірде табиғи апаттан үйсіз қалғандар саны-1013.Количество показов: 240
Дата создания: 10.09.2024 08:58:25