Ә. Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді
Жергілікті өнімдерге енді осы логотип жабыстырылатын болды. Батыр қыздың 100 жылдығына арналып шығарылған логотиптер де Әлия молдағұлованың 100 жылдығына арнайы өткізілетін 100 шараның бірі. Ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау шарасына өңірдегі барлық өнім өндіруші кәсіпкерлер қолдау көрсетпек.Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек. 100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді.
Жақында ғана Әлия музейінде заманауи цифрлық технологиялардың таныстыру рәсімі өткен болатын. Ұлы жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған шара жалғасын тауып келеді. Музейде батыр қыздың өмірі мен ерлік жолын көрсететін ақпараттар мен экспонаттар , музей жабдықтары Әлия Молдағұлова туралы түсірілген фильмдер жайлы ақпараттар толық жинақталған, жылпы 11 мыңнан астам экспонат бар.
Количество показов: 94
Дата создания: 18.02.2025 10:19:20