Ә.Молдағұлова даңғылы мен Ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысында жол айрығы салынып жатыр
Жақын күндері Ә.Молдағұлова даңғылы мен Ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысында тағы бір жол айрығы іске қосылады. Қазір бұл маңайда жылу құбырлары жөнделіп, жол жабындысын төсеуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осыған дейін дәл осындай жол айрығы автовокзал маңайында салынып, қолдануға берілген болатын. Ал жоспардағы үшінші жол айрығы Әбілқайыр хан мен Ә.Молдағұлова даңғылдарының қиылысында пайда болады. Қазір ол маңайда да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін қала бойынша 3 жол айрығы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 39 млн. теңге қаржы бөлінген. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін қала бойынша 20 шақырымнан астам жол жөнделетін болады. Осы мақсатта қазынадан 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазірдің өзінде 10 шақырымнан астам жол жабындылары жаңартылды. |
Количество показов: 2964
Дата создания: 31.07.2012 19:10:32