"ҚМК Мұнай" АҚ жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға өсті
Өндіріс орнындағы мұнайшылар ереуіл кезінде ең алдымен жалақыны көтеруді талап етті. Содан кейін кәсіподақ ұйымы төрағасының жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізген болатын. Жұмысшылардың құқын қорғауға қабілетсіз кәсіподақ тарап, енді мұнайшылар алдағы уақытта жаңа кәсіподақ төрағасын сайлауды жоспарлап отыр. Ереуілге шыққан мұнайшылардың талаптары бойынша қазір компания жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға өсірген. Орташа жалақы бұрын 187 мың теңге болса, қазір 280 мың теңгеге жеткен. Жұмысшылардың сұрауы бойынша мұнайшыларға жазда жаңа асхана ғимараты салынады. Алыстан қатынайтын жұмысшылар үшін қызметтік автобус бөлінген.
Количество показов: 730
Дата создания: 02.04.2021 21:23:32