"Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 8000 ақтөбелік дәріс алған
"Қарызсыз қоғам" пилоттық жобасы былтыр 2-мамырда “АМАNАТ” партиясы мен Халық банктің қолдауымен бастау алды. Еліміздің 8 өңірінде жүзеге асырып келеді. Айта кетейік, аталған жобада несие бойынша берешегі бар, борышкерлер тізімінде тұрғандарға және қарыздың төлеу мерзімін 90 күннен асырған азаматтарға заңдық тұрғыда көмек көрсету де көзделген."Қарызсыз қоғам" жобасына қатысу тегін. Курс соңында сертификаттар беріледі. Мамандар қолда бар ақшаны үнемдеуден бөлек, капитал, депозит жинау тетіктерін де үйретуде. Мәселен, атаолмыш курсқа былтыр өңірімізде 8000 нан астам адам қатысқан. Жалпы ел бойынша 65.000 азамат қаржылық сауаттылығын арттырыпты. Нәтиже де жоқ емес. Курс аясында 1,5 мыңға жуық алаяқтық әрекетке тосқауыл қойылып, жеке сот орындаушылар салған 14 мыңнан астам арест шешілген. Құжат аясында жобаны жүзеге асыруға 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы және микроқаржы ұйымдары қауымдастығы атсалысты. Айта кетейік, жобаға жасы 18 ден асқан барлық азамат қатыса алады. Қатысушылар сарапшылардан дәріс оқумен қатар, жеке кәсіпкерлікті ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты қолдауға және қарызды өтеу кестелерін құруға дейінгі көптеген мәселелер бойынша жеке кеңестер алады. Қазір Ақтөбеде “Қарызсыз қоғам” жобасының 19 шы курсы аяқталды.
Количество показов: 303
Дата создания: 04.08.2024 07:06:27