Зияткер балалар ғылыми фестивальдан оралды
Семей қаласында 4-5 сәуір күндері өткен "Болашаққа қадам" атты ғылыми фестивальден ақтөбелік оқушылар олжалы оралды. Бұл білім сайысына облысымыздан 16 оқушы аттанған болатын. Оның он бесі Назарбаев зияткерлік мектебінен қатысса, біреуі №9 гимназияның атынан облыс намысын қорғады. Өрендеріміз тіл білімі, химия, биология, математика, экономика, медицина секілді салалар бойынша жұмыстарын қазылар алқасының назарына ұсынды. 4-еуі лауреат , 5-еуі номинант атанса, үш оқушыға сертификат табысталды. Олардың жобасының алдын-ала жіберілген электрондық нұсқасын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің ғалымдарынан құралған әділ қазылар алқасы талдаған. Кейін Семей қаласында сарапшылар алдында қорғап шығу талабы қойылды. Оқушыларымыз табандылық көрсетіп, тыңғылықты дайындаған жобаларын сәтті қорғап, облыс абыройын асқақтатты. Жобада жалпы саны 235 тақырып қорғалды. Жүлделі орын алған оқушылар жобаларын халықаралық сайыстарда қорғау құқығына ие болды. |
Количество показов: 1969
Дата создания: 09.04.2014 18:18:28