Жылжымайтын мүлікті енді халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуге болады.
Ол үшін сатып алу немесе сату шарты бойынша жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты, құқықты белгілейтін құжаттар қажет. Рәсімдеу шарасына 1 күн уақыт кетеді. Жаңадан қосылған қызмет түрін пайдаланушылардың қатары әзірге аз. Өйткені халыққа қызмет көрсету ортталығында енді ұсынылып жатқан он екі қызмет түрін тұрғындардың бірі білсе, бірі білмейді. Дегенмен, мамандар орталықтағы жаңалықты халық жатырқамай қабылдар деп сенеді. Айта кету керек, егер сатушы немесе сатып алушы некеде тұрған болса, зайыбының нотариалды куәландырылған келісім шарты керек. Сондай - ақ, жылжымайтты мүлікті заңдастыруда барлық техникалық сипаттамалары көрсетілуі керек. Мысалы, үй немесе көліктің ауданы, пәтер нөмірі, қабаты, кадастрлық нөмірі. Құжаттарды тапсыру күнін есептегемегенде қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайдыКоличество показов: 664
Дата создания: 23.09.2023 05:39:35