Әкімдік пен жауапты мекемелер қайда қарап отыр? Қымбат пәтерде ешқандай жағдайсыз тұрып келе жатқан Батыс-2 ауданының тұрғындары наразылыққа шықты. Шілде айында толықтай бітпеген пәтерлеріне қоныстанып алған тұрғындар салқын күндер басталғалы "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның құрғақ уәдесіне тойып болған. Балалары ауырып, әбден тоңған жұртшылық мәселеге қала билігінің араласуын сұрап хат жолдаған. "Жилище" тұрғын үй кооперативі салып жатқан көпқабатты үй қазіргі құжаты бойынша толықтай бітпеген. Үйдің кіреберісінде қауіпсіздік үшін күнқағары салынбаған. Айналасы абаттандырылмаған. Жарық пен су жүйелері тартылған. Тек газ кіргізу жұмыстары кешеуілдеп тұр. Соған қарамастан жаздың ортасынан бастап үйдің тең жартысына тұрғындар көшіп келген. Пәтер иелері күн суыта газ бен жылуға жауапты мекемелерге хабарласады. Мәселе осы уақыттан бастап ушыққан. Көшесіне атау берілмеген, 338 б аумағындағы үйге қатысты түсініспеушілік көп. Тұрғындар не ертерек қоныстанып алған өздерін, не қолданысқа бермей тұрып барлық желілерін тартпаған мекемелерді кінәларын білмей дал.
Тұрғындармен кездесіп, барлық арыз-шағымдарын тыңдаған қала әкімінің орынбасары Сергей Ли қалалық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Әлібек Серікбаевқа нақты тапсырмалар берді. Тез арада құрылыспен айналысушы копператив пен газ таратушы арасында келісім-шарт жасалуын қадағалауды міндеттеді. Үйге газ сәрсенбі күні толықтай жіберілуі тиіс. Атқарушы орган үйді газ және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарын өз бақылауына алды. Уәде етілгендей 16-шы қазан күні үйге көгілдір отын жіберіледі. Тұрғындардың екі күн суыққа шыдай тұруына тура келеді.
Количество показов: 894
Дата создания: 14.10.2019 18:49:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>