Жылу үшін қарыздан құтыл!
Қарызға белшесінен батып жүргендерге жеңілдік жасалды. Жылу мен ыстық суға берешектері бар тұрғындар жаңа жылға дейін қарызын өтесе, үстеме ақы төлемейтін болады. Мұндай акцияны "Трансэнерго" АҚ жыл сайын өткізеді. Жаңа жылды қарызсыз қарсы ал! "Трансэнергоның" арнайы акциясы осылай аталады. Жылу мен су үшін коммуналдық қарызы барлар 31 желтоқсанға дейін қарызын өтеуге асыққаны жөн. Өйткені, акция мерзімі шктеулі. Белгіленген мерзімде берешегінен құтылғандар үстемақыдан босатылады. Мысалы, 61 мың теңге қарызын тұрғын 31 желтоқсанға дейін төлесе, үстіндегі 12 000 үстеме ақысы алынып тасталады. "Трансэнерго" АҚ-ның 76 мың тұтынушысы бар. Бүгінде қала тұрғындарының акционерлік қоғам алдындағы қарызы 2 млн теңгеден асып түскен. Құндыз Қасенованың айтуынша, қарызға белшесінен батқандардың бережағының ең көбі- 160 мың теңгеге жеткен. Жылу мен суға ақы төлемей жүріп алуларының себебін көп жағдайда тұрғындар жалақының кешіктірілуімен, жұмыссыздықпен байланыстырады екен. |
Количество показов: 1950
Дата создания: 10.12.2013 18:09:33