Жылдың үздік тәрбиешісі анықталды
Бүгін облыстағы «Жылдың ең үздік тәрбиешісі» белгілі болды. Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен байқауда аудандық және қалалық кезең сайыстарының жеңімпаздары бақтарын сынады. Гүлжан Тәліпова 16 жылдан бері тәрбиеші. Шалқар ауданының «Қарлығаш» мектепке дейінгі білім беру ұйымында ортаңғы топқа тәлім-тәрбие береді. Тәрбиеші болу - өте жауапты қызмет дейді ол. Кез-келген адам баланың тілін түсіне бермейді. Сондықтан тәжірибелі тәрбиеші күнделікті жұмыс кезінде ертегілер еліне балғындармен бірге сапар шегіп келемін деп ағынан жарылды. Бүгінгі байқауға ол кішкентай достарының көмегімен күзгі бақтағы қызықты ойын желісін әзірлеп әкеліпті. Байқауда 20-ға жуық тәрбиеші бақ сынады. Сайыскерлер өздерін таныстырудан бастап, өнерлерін паш етіп, кәсіби шеберліктерін, білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ, әділқазылар алдында шығармашылық тапсырмаларды мүдірмей орындап шығуға тырысты. Хромтау, Қарғалы аудандарынан қатысқан тәрбиешілер көңілді сайқымазақтардың рөлін сомдап, көрмермендердің көңілінен шықты. Байқауға қатысқан жас мамандардың арасынан «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі Эльмира Мұхамеджанова «Жылдың ең үздік тәрбиешісі» атағын жеңіп алып, бағалы сыйлыққа ие болды. Үздік үштікке Қарғалы мен Темір, Мәртөк аудандарынан келген тәрбиешілер лайықты деп танылды. Олар II, ІІІ дәрежелі мақтау граммоталарымен марапатталды. |
Количество показов: 3350
Дата создания: 07.12.2013 00:09:19