Жыл соңында облыс тұрғындары арасында КВИ дерті бәсеңдеді
Соңғы тәулікте коронавирус және пневмониямен ауырған ешбір адам тіркелмеді. Десе де облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға мерекені қарсы алу кезінде сақ болуды ескертеді. Кафе, мейрамханаларда өтетін шараларда адамдар толымдығы 50 пайыз болуы керек. Сондай-ақ жиналған қонақтардың барлығында "Ашық" қосымшасында жасыл статусы көрсетілуі тиіс.Бүгінде қалада инфекциялық ауруханаларда 18 тұрғын, реанимация бөлімшесінде 3 науқас ем алып жатыр. Инфекциялық кереуеттер жүктемесі 25,5 пайызды құраса, реанимациялық кереуеттер жүктемесі 21 пайыз.
Бүгінде облыста 65 тұрғын үй карантинінде. Ревакцинациядан 26 310 адам өтті. Пфайзер вакцинасын 6534 тұрғын салдырды. Оның 4070-і жасөспірім, 1954 - бала емізетін ана.
Количество показов: 573
Дата создания: 31.12.2021 17:09:35