Жыл басынан өңірдің 1476 мүмкіндігі шектеулі азаматтары жұмыспен қамтылды
Жыл басынан өңірдің 1476 мүмкіндігі шектеулі азаматтары жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған 374 адамның 222-сі жұмыспен қамтылды.Облыста мүгедектігі бар 28 423 адам тұрады. Оның 4 683 балалар.
Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар қызметтің 55 түрін ала алады. Бүгінгі күні 14 888 адам техникалық оңалту құралдарымен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді. Облыста 187 қызмет көрсету алаңдары ашылды.Бұдан бөлек, 443 балаға және 1 591 жалғызбасты қария мен мүгедектерге 18 бөлімше әлеуметтік қызмет көрсетуде. Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 2 бөлімше бар. Бөлімшеге бүгінгі таңда 91 әйел 195 баласымен жүгінген.«Есет батыр» шағын ауданында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды. Ал Батыс-2 ауданында мүмкіндігі шектеулі 200 адамға арналған дене шыңықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Количество показов: 833
Дата создания: 18.11.2022 19:27:42