Жолдағы ой-шұңқырлар тегістеле бастады
Қаладағы коммуналдық мекемелер жолдардың ой-шұңқырын бітеуге кірісті. Жамап-жасқау жұмыстарымен 4 мердігер мекеме айналысып жатыр. Асфальт толықтай ауа райы тұрақтанған соң жаңартылмақ. Әлия Молдағұлова даңғылындағы жолдардың ойылып, шұңқырға айналған жерлерін бітеу басталып кетті. Әуелі төрт бұрышты ойықтар жасалған. Ойықтардың ішін асфальтпен толтырып, техника үстінен тегістеп бір өтеді. "Русказдорсервис" ЖШС қалада жолдарды жамау жұмыстарын міндетіне алған 4 мердігер мекеменің бірі. Жұмысшылары Сәңкібай батыр даңғылы бойында дәл осындай істі тындырған. Кепкен жолдардың ғана ой-шұңқыры асфальтпен бітеліп жатыр. Ал ылғалы әлі сорықпаған жолдардың жыртығы одан сайын үлкейіп кетпес үшін жұмысшылар әдіс ойлап тапқан. Бұған дейін де айтылғандай былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен қала көшелері бұрынғы таз қалпына қайта түскен. Жап-жаңа жамылғының бұлайша бір қысқа да шыдамай сыр беруі бұрын-соңды болған емес. Компаниялар қар кетісімен жұрттың назарын аударған бұл кемшіліктерін өз қаражатына түзейтін болады. Одан бөлек те жол жөндеу жұмыстары жалғасады. Ол үшін ауа райының тұрақтанғанын күтеміз. Қалада былтырғыдай жер қазып, тас төсеу жұмыстары тағы да басталмақ. |
Количество показов: 2054
Дата создания: 27.03.2014 20:34:23