Жол сақшылары мен дәрігерлер рейдке шықты
Жыл басынан бері қаламызда 66 жол апаты жаяу жүргіншілер жолағында орын алыпты. Бес жаяу жүргінші қайтыс болса, 63-і түрлі дене жарақатын алған. Осы сандарды азайту мақсатында бүгін әкімшілік полиция басқармасы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірігіп рейд өткізді. Қазақ-орыс халықаралық университетінің еріктілер тобы жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты. Жаяу жүргіншілер жолындағы көлік апатына көбіне мектеп жасындағы балалар мен жастар ұшырайды. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өлуі немесе жарақат алуы қоғам үшін өзекті тақырып. Сол себепті тұрғындарға жолдан өту мәдениетін қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе. Жол-көлік апатынан қайтыс болғандар саны қан айналым жүйесі мен онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орында. Бұл статистикаға жаяу жүргіншілер жолағында қаза табатындар да кіреді. Жол ешқашан қателікті кешірмейді, сол себепті жол ережелерін сақтау баршамыздың қауіпсіздігіміздің кепілі. |
Количество показов: 1837
Дата создания: 03.04.2014 18:54:38