Жол апатынан 32 жастағы әйел қаза тапты
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 32 жастағы әйел қаза болды. Бір адамның өмірін қиған көлік апаты 26 қазан күні түнгі сағат үштер шамасында Тургенев көшесінің бойында орын алған. Шетелдік көлігін мас күйінде айдаған жүргізуші рөлге ие бола алмай жол бойындағы электр бағанына соғады. Темір тұлпар қатты жылдамдықтан жүйткісе керек, көлік әбден майысып қалған. Енді жүруге жарамсыз. Ал көлік ішіндегі 32 жастағы жолаушы қаза болып, екінші 24 жастағы жігіт "ашық бассүйек жарақатымен" облыстық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Ал тізгіндегі 23-тегі жігіт сол ауруханада алғашқы медициналық көмек алған соң үйіне жіберілген. Облыстық ішкі істер департаментінің дерегіне сәйкес, жол апатынан соң жүргізуші қаза тапқан әйелге сол бойда көмек көрсетпеген. Көлігін оқиға орнында қалдырып, досымен бірге ізін суытқан. Жол апатын жасады деген күдікпен жүргізушіні сол түні жол патрулінің қызметкерлері ұстады. Аталған жол-көлік апатына байланысты қазір тергеу жүріп жатыр. |
Количество показов: 1731
Дата создания: 29.10.2013 19:47:30