Жоғарғы сынып оқушылар арасында Олимпиада өтіп жатыр
Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Айсұлтан Әлімхан мектепті бітірісімен физика саласы бойынша білімін жетілдіруді көздейді. Ол үшін Назарбаев университетін таңдаған. Ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген. Жас өрен спортта да алда. Футбол, теннис ойнайды. Алғашқы әскери дайындық сабағына да бар ықылас-ынтасын салып қатысады. Айсұлтан Әлімхан Отан алдындағы азаматтық борышын орындауға дайын. Шараға жауаптылардың айтуынша, мұндай жарыс облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Еліміздің әскери оқу орындарында білім алғысы келетін жастарды анықтап, бағдар беру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуді мақсат етіпті. Облыс және қала мектептерінен 12 қатысушы бақ сынап жатыр. «Сардар» кешенді олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде оқушылардың теориялық білімі сыналады. Қатысушылар физика, математика пәндері , қазақ, орыс тілдері және алғашқы әскери дайындық сабағы бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Ал екінші кезеңде оқушылардың практикалық дайындығы тексеріледі. Мұнда қатысушылар алғашқы әскери дайындық сабағынан және дене тәрбиесі бойынша нормативтерді үздік орындай алуы тиіс. Облыстық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен 3 оқушы 25-28 наурызда Астанада өтетін республикалық олимпиадаға барады. Онда анықталған 7 жеңімпаз еліміздің әскери оқу орындарында тегін оқу құқығына ие болады. |
Количество показов: 2236
Дата создания: 24.01.2014 18:33:38