ЖИТС мәселесіне қатысты мамандар дөңгелек үстел басына жиналды
Дүниежүзілік СПИД- ке қарсы күрес кампаниясы осыдан 16 жыл бұрын бастаған жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 26-шы арнайы сессиясында адам иммуны тапшылығы жұқпасына қарсы Декларация қабылданды. Оған еліміздің де біріккені белгілі. Қазіргі таңда әр аймақта осы дертті емдеу, жұқпасы бар адамның күтімін қамтамасыз ету, адам құқығын сақтау төңірегінде іс - шаралар өтуде. Бүгін облыстық ЖИТС орталығы дөңгелек үстел басына облыстың денсаулық сақтау саласына жауапты мамандарды жинады. Сондай - ақ СПИД- пен күресте құрылған еріктілер тобын шақырды. Ұйымдастырушылар оларға биылғы кампания жұмысының міндет- мақсатын түсіндірді. |
Количество показов: 3203
Дата создания: 11.11.2013 19:05:57