Жетім балалардың пәтер кезегі жылжымай жатыр
18 жастағы Валентина Каргина мемлекет тарапынан жетім балаларға берілетін тегін баспанаға ие бола алмай жүр. Қызының жоғын жоқтап жүрген асырап алған анасы Зинаида Орехова. Әйел қызды 10 жасында қамқорлығына алып, бірден пәтер кезегіне қойған. 8 жыл ішінде кезек тек 1680 - ші орыннан 1044 - ші орынға жылжыған.Зинаида Орехова 8 жыл бұрын облыстық Алға балалар үйінен қыз баланы өз қамқорлығына алған. Тұл жетім Валентина Каргина ол кезде 10 жаста болатын. Қамқоршы Зинаида Орехованың айтуынша, мемлекет тарапынан жетім балаларға тегін баспана берілу керек. Валентина Каргина қамқорлыққа алынған күннен бастап баспана кезегіне 1680-ші болып енгізілген. Қыздың анасы жақында тізімді барып қараған. Кезектері 8 жыл ішінде 1044 - ші орынға жылжыпты. Зинаида Орехова жұмыс жасамайды. Отбасында қамқорлығына алған қызынан бөлек туған 2 қызы бар. Отбасын тек жолдасы ғана асырап отыр. Тұл жетім Валенитина Каргина қазіргі кезде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің "Графикалық дизайн" мамандығының 2 - ші курс студенті. Университетте тегін білім алып жатыр. Ай сайын 92 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Ал, өзінің туған анасы хабарсыз кеткен. Бірде - бір рет қызына көмектеспеген.Қаламызда баспана алу үшін кезекте тұрған 1800 жетім бала бар. Биылғы жылы қаламызда жетім балаларға баспана беру жоспарда бар.Количество показов: 651
Дата создания: 30.01.2023 13:07:25