Жертөлеге талас
Уәде еткен жертөле де , көлік тұрағы да жоқ. Қаладағы "Центр Груп" құрылыс компаниясы мен "Бавария "тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері екі жылдан бері соттасып жүр. Кешен тұрғындары құрылыс компаниясы заң талаптарын бұзып отыр деп шағымдануда."Центр Груп" құрылыс компаниясының мердігері "Бавария контракшн" серіктестігі кешенді тапсырған кезде тұрғындарға жертөледен орын берілетін айтыпты. Олар әр пәтер иесіне көлік тұрағы да бөлінетінін болады деп уәде еткен. Бірақ құрылыс толық аяқталған кезде компания берген уәдесін ұмытып, қосымша ақша талап етті, дейді тұрғындар . Үш жыл бұрын осы кешеннен пәтер сатып алған тұрғындар бір жыл өтпей жатып құрылыс компаниясын сотқа берген. Жертөлеге қатысты сот тұрғындардың пайдасына шешілген. Сот шешімі бойынша әр пәтер иесіне жертөледен орын берілуі тиіс. Бірақ осы іс сотта қаралып жатқанда компания үйдің жертөлесін басқа мекемеге сатып үлгеріпті. Енді жертөлені сатып алғандар тұрғындарды бұл жерге жолатпай отыр. Көлік тұрағына қатысты дау әлі шешімін таппаған. Бұл іс те сотта қаралып жатқан көрінеді. Тұрғындар үйді де құрылысшылар кешіктіріп берді , төлемақыны толық алып алған соң енді олар бізден тағы да қосымша ақша алуды көздеп отыр дейді. Ал, "Центр Груп" құрылыс компаниясының бас директоры Махамбет Абдрахманов тұрғындар жертөлені өз иеліктеріне аударып алу үшін тиісті құжаттарды тапсыра алмай отыр,- деп жауап берді.Алыстан көз тартатын әдемі кешеннің сырты бүтін, іші түтін болып шыққан. Тұрғындар жаңа жеделсатысы да дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтады. Дауға айналған үйдің жертөлесіне су толып кеткен. Сондай-ақ үйдің ауласы да толық абаттандырылған жоқ, құрылысшылар міндетіне алған жұмыстың біразы атқарылмады. Берген қаражатымыз желге ұшты дейді ашынған тұрғындар.
Количество показов: 463
Дата создания: 20.09.2023 03:44:42