Жертөледе шығармашылық орталығы ашылды
Оқушының уәжін ағайы да қостады. № 60 орта мектебінің ұстаздары бұл олқылықтың орнын толтыруға өз беттерімен кіріскен. Себебі екі жылдан бері өнерлі жастардың дайындалатын бөлмелері болмапты. Оқушылар шығармашылыққа бос бөлмелер мен спорт, мәжіліс залдарын пайдаланып келген. Толқын Жакешова №60 орта мектепте 8 сыныпта оқиды. Жеті жылдан бері би үйірмесіне қатысатын оқушы осы уақытқа дейін мәжіліс залында талай би қимылдарын жаттаған. Толқынның айтуынша биге қатысқысы келетін қыздар өте көп. Бірақ, күнде көркейіп келе жатқан аудандарында шығармашылық орталықтар жоқ. Мектептегі үйірмелер мен бір ғана "Геолог" мәдениет үйі өнерпаздар үшін аз. Мектептің демеушілік қорынан 1 млн 800 мың теңгеге хореография, дойбы мен шахмат, шетел тілдерін оқыту бөлмелеріне құрал-жабдықтар алынған. Би қимылдарын жаттауға арналған айналар әкелінген. Орталыққа шығармашылығын дамытқысы келетін кез-келген оқушы жазыла алады. Алда қосымша ақылы үйірмелер ашылуы мүмкін. 1200 орынға шақталған білім ордасында қазір 3600 оқушы үш ауысымда оқиды.
Количество показов: 1013
Дата создания: 30.10.2019 20:14:45