Жергілікті мүсінші бала құшақтаған анаға ескерткіш арнады
Ақтөбелік мүсінші Орынбасар Төлегенов «Ару ана» мүсінін жасап шықты. Биіктігі екі метр, салмағы бір жарым тонна болатын мүсінді соғуға шебер 3-4 ай уақытын жұмсаған. Ананың бейнесін өзінің келіншегіне, ал оның құшағында отырған баланы ұлына қарап жасаған. Ұлттық нақышта орындалған қолөнер туындысы қазір шебердің үйінің ауласында тұр. Бала құшақтаған ананың мүсіні цемент материалдан соғылған. Автор өз туындысының үйінің ауласында қалғанын қаламайды. Көпке көрсетпек ниетте. Саябақтардың бірінен орын тапса, отау көтеріп жатқан жастар тағзым ететін ескерткішке айналар еді дейді ол. Орынбасар Төлегенов мүсінді орналастыратын жер сұрап, қала әкімдігіне ұсыныс түсірмекші. |
Количество показов: 2059
Дата создания: 24.01.2014 18:34:21